422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең ауқымда аталып өтеді

  • 1050
  • UPD: 17:40, 30.01.2020
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең ауқымда аталып өтеді

Ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Қазақ ұлттық университетінің негізінде ғылыми-технологиялық Әл-Фараби алқабы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлемнің екінші ұстазы атанған шығыс ойшылының еңбектерін заманауи технологиялар көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Дамаскідегі Әл-Фарабидің мемориалдық кешенінде Қазақ ұлттық университінің филиалы құрылатын болады. Бұл ғалымның 1150 жылдығы аясында жүзеге асатын ауқымды шаралардың бір парасы.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректоры:

– Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби қазіргі уақытта халықаралық деңгейде өте сұранысқа ие. Өйткені атамыздың қайырымды қоғам туралы ілімі қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр. Сол себепті қайырымды қоғам ілімін әрі қарай дамыту үшін біздің студенттеріміз «Қайырымды қоғам» атты челлендж бастап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы