428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әл-Фарабидің еңбектері – қоғамға үн тастайтын жәдігер

  • 947
  • UPD: 17:48, 30.01.2020
Әл-Фарабидің еңбектері – қоғамға үн тастайтын жәдігер

Заман өзгерсе де, өзінің өзектілігін жоғалтпайтын мәңгілік құндылықтар болады. Әл-Фарабидің мұрасы да соның қатарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасындағы ізгіліктер қазір де өте құнды. Ойшыл, әділетті, қайырымды қоғамның болуы, адамдардың бір біріне көмектесуі түптеп келгенде адамзатты жақсылыққа апаратынын меңзеген. «Әл-Фарабидің еңбектері – кез келген қоғамға үн тастайтын жәдігер», - дейді ғалымдар.

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры:

– Мен 2006 жылы Сирияда Әл-Фарабидің басында болдым. Оның басындағы жазуларды аштым. Әл-Фараби – әлемдік тұлға. Оның қазақ елінде туғандығы біз үшін мақтаныш. Біз Әл-Фарабиді, Абайды насихаттау арқылы Қазақстанды насихаттаймыз.

Хабар 24 телеарнасы