443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы өзендерде мұз кептелісі ертерек басталуы мүмкін

  • 168
  • UPD: 20:04, 30.01.2020
ШҚО-дағы өзендерде мұз кептелісі ертерек басталуы мүмкін

Шығысқазақстандық құтқарушылар өзен-көлдердегі мұз көбесін сөгу шараларына әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осыған орай арнайы жоспар бекітілді. Тек қана Бесқарағай ауданында өтетін мұндай іске 28 миллион теңге жаратылады деп жоспарланды. Төтенше жағдайлар қызметінің пайымдауынша, биыл өзендерде мұз кептелісі ертерек басталуы мүмкін. Өйткені өңірде қазір аяз болғанымен, бірнеше күн бұрын сынап бағанасының көтерілуі тіркелген. Мұндай құбылыс алдағы күндері де қайталануы ықтимал. Сол себепті сақтық шараларына кірісудің артығы жоқ дейді олар. Жалпы облыс бойынша 100-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар. Ол жақта 14 мыңдай адам тұрып жатыр. Қазір ең қатерлі деген 41 участок басты назарға алынды.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Өлкеде мұз қабаты жұқарып қалған. Бұл аймақтағы су қоймаларынан байқалады. Сондықтан адам өмірі үшін де үлкен қауіп бар. Әсіресе қыста балық аулауды сүйетін тұрғындарға осы уақытта аса сақ болуды ескертеміз. Мұз бетіне шықпай тұрып, қарапайым сақтық ережелеріне мән берсе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы