445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәслихат депутаттары мен заңгерлер одағы меморандумға қол қойды

  • 246
Мәслихат депутаттары мен заңгерлер одағы меморандумға қол қойды

Парламент Сенатында Жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға депутаттармен қатар заңгерлер де қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының жолдауында айтылған реформаларды түсіндірудің аясын кеңейту. Тақырып аясындағы баяндамалар мен сұрақ-жауаптан бөлек, кеңес отырысында Қазақстанның мәслихат депутаттары бірлестігі және заңгерлер одағы өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ мәслихат депутаттарының кәсіби біліктілігін арттырып, олардың ел мүддесін қорғаудағы қызметін одан сайын жандандыруға арналған.

Төлеубек Мұқашев, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің басшысы:

– Меморандумға сәйкес заңгерлер одағы жергілікті өкілетті органдар мен қоғамдық бірлестіктерге құқықтық көмек көрсетеді. Бұл негізінен құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқықтық кеңес беру, азаматтарды бірлесіп қабылдауға қатысты. Ал ең бастысы – сапалы заң қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу. Себебі олар аймақтағы өмірді жақсы біледі. Оның үстіне олар біз әзірлеп, қабылдайтын заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты өз ойларын үнемі айтып отырады.

Хабар 24 телеарнасы