413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің теміржол вокзалында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

  • 417
  • UPD: 13:32, 31.01.2020

Шымкентте коронавирус инфекциясына қарсы арнайы шаралар қолға алынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, халықтың шоғыры басым әуежай мен теміржол вокзалы басты назарда. Бүгін шым қалада жұқпалы індетке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Шымкент қаласында коронавирусты инфекция тіркелмеген. Бұл мәліметті санитарлық қауіпсіздікті бақылау департаменті мен денсаулық сақтау саласының мамандарынан білдік. Ал жұқпалы вирусқа қарсы оқу-жаттығу жаңа ғана аяқталды. Іс-шара кезінде анықтау, тасымалдау, тексеру және карантинді ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар пысықталды. Әуелі мамандар «тәж вирусын жұқтырғандарды» пойыздан қарсы алды. Сосын оларды арнайы бокстарға жеткізіп, стационарлық және қол тепловизорларымен тексеру жүргізді. «Мұндай оқу-жаттығулар коронавирусты дер кезінде анықтауға және оның таралуының алдын алуға бағытталған», - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаушы дәрігерлерлер.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, инфекция ауа-тамшы жолы арқылы жұғады. Яғни науқас адамнан сау адамға түшкіргенде және жөтелгенде, науқастың жеке заттарымен және ыдысын қолдану кезінде беріледі. Қазір барлық шетелден келіп жатқан азаматтар қаладағы медициналық ұйымдарменен бақылауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы