378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр

  • 174
  • UPD: 13:48, 31.01.2020
Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде «коронавирустық инфекция жұқтырған адамдар бар», деп  жалған ақпарат таратушылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қытайдан келген бірнеше азаматтан қауіпті дерттің анықталғаны туралы хабарламаны әлеуметтік желіде жариялаған. Ал, дәрігерлер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады. Бұған дейін көрші елдің демалыс орындарынан оралған бес ақтөбелік кейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тексеруден өткен. Дәрігерлердің бақылауынан кейін екеуі үйлеріне жіберіліпті. Ал, қалған үшеуінен жедел респираторлық вирусты инфекцияның белгілері анықталған.

Майра Нұрғалиева, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Коронавирус анықталған жоқ. Пациенттер жедел респираторлы вирус инвекциясы диагнозымен жеткізілген болатын. Кафедра қызметкерлері оларды қауіпті дертке қатысты да тексерді. Бірақ күдікті ештеңе анықталмады. Қазір кәдімгі тұмаудың да белең алған маусымы ғой.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық полиция департаментімен осы жалған ақпаратты таратқан азаматтарды анықтау жұмыстары жүруде.

Хабар 24 телеарнасы