375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында коронавирустың жолын кесу шаралары жүріп жатыр

  • 148
  • UPD: 15:50, 31.01.2020

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында коронавирустың жолын кесу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел штаб құрылды.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің ірі қалаларындағы әуежайлар мен вокзалдарда коронавирустың алдын алу шараларын жүргізіп келеді. Елорда да шет қалмады. Қазір әуежайда халықаралық рейстер қабылданып жатыр. Сағат 14:00-де халықаралық холда азаматтардың 2 деңгейлі бақылаудан қалай өткізілетініне куә болдық. Үшінші ақпаннан бастап Қытаймен арадағы әуеқатынасы уақытша тоқтатылады. Әуежайда жедел штаб құрылған. Сондай-ақ жолаушыларға дерттің негізгі белгілері мен сақтану жолдары көрсетілген бейнероликтер ұсынылды. Әрбір 15 минут сайын қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде аудио ақпараттар таратылуда.

Хабар 24 телеарнасы