419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында боран кезінде 1 жарым мыңнан астам адам құтқарылды

  • 438
  • UPD: 17:48, 31.01.2020
Ақмола облысында боран кезінде 1 жарым мыңнан астам адам құтқарылды

Ақмола облысында өткен аптадан бері, яғни боран басталғалы жолда қалған 1 жарым мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Олардың арасында 100-ден астам бала да бар. Абырой болғанда, бәрі дін аман. Бұл туралы бүгін аймақтағы құтқару жұмыстарын қорытындылаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мәлімдеді. Айтуынша, өңірде ең қиын жағдай Шортанды, Ерейментау және Целиноград аудандарында болған. Қазір аталған аудандарда табиғат апатының салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жолдарға келсек, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» және «Алматы-Екатеринбург» трассасының елорда мен Атбасар аралығындағы бөлігі әлі күнге жабық тұр. Аталған жолдардағы қарды күреуге қазір 100-ден астам техника жұмылдырылған. Олар жақын арада ашылуы мүмкін. 

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

- Бүгін астанадан шығаберісте 100 шақты көліктен лек түзіліп, оларды арнайы техникалардың көмегімен Павлодар бағытына қарай бастап барамыз. Дәл осындай көш Павлодардан бері қарай да ұйымдастырылады. Бұлардан бөлек Жақсы ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы арасындағы жол да қазір жабық. Бүгінде ондағы қарды бірнеше техника тазалап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы