376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда шетелден келген 46 азамат дәрігерлердің қатаң бақылауында

  • 96
  • UPD: 19:38, 31.01.2020
Петропавлда шетелден келген 46 азамат дәрігерлердің қатаң бақылауында

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын алдын алуға байланысты арнайы штаб құрылып, ол екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті.

Бұл туралы эпидемиолог мамандар хабарлап отыр. Бүгінгі күні өңірде аталған кеселді жұқтырды деген күдіктілер тіркелген жоқ. Дегенмен, дәрігерлер жуырда Қытай мен Оңтүстік Шығыс елдерінен оралған 46 азаматты қатаң бақылауға алды. Ал ақпан айының басында аймаққа аспан асты елінен келетін еңбек мигранттарының тізімі жасақталды. Бұл ретте кешенді шаралар қабылданып, жоспар бекітілген. Жалпы өңірдегі  ауруханаларда бүгінгі күні науқастарға деп 300-ге  жуық төсек орын дайындалды. 

Меруерт Атамбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бас маманы:

- Тайынша ауданына бізде негізінен 6 адам келеді деген болжам бар. Және олар келген жағдайда біз оларды міндетті түрде бірден тіркеуге алып, келді деген ақпарат түскеннен бастап, оларды инкубациялық 14 күн бойы  медициналық бақылауда болады олар. Және қандай да бір жіті респираторлы вирустық инфекцияға тән симптом анықталатын болса, міндетті түрде оларды медициналық ұйымға жатқызып, медициналық бақылауға алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы