432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы абақтыда 11 адам ЖИТС дертін жұқтырды

  • 494
  • UPD: 08:00, 01.02.2020
Қарағанды облысындағы абақтыда 11 адам ЖИТС дертін жұқтырды

Қарағанды облысындағы АК 159/20 колониясында жазасын өтеп жатқан 11 адамнан СПИД дерті анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы қауіпті індетті ине арқылы жұқтырған. Айтуларынша, есірткіні түрме қабырғасында емес, жұмыс істеуге қалаға шыққанда қолданған.

Айта кету керек, мұндағы жазасын өтеушілердің барлығы күзетшілердің бақылауымен түрлі жұмыстарға тартылады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірге дерттің кімнен, қай жерде, қашан жұққаны жұмбақ күйінде. Анығы, өткен жылғы дәрігерлік тексерісте олардың барлығы сау болған.

Юрий Гусаков, «адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» ҚОФ директоры:

– Бұл жағдайдың қалай болғанына таңымыз бар. Себебі күзетшілер жазасын өтеушінің ешбірін де көзден таса қылмай, қатаң бақылауда ұстайды емес пе? Қалай болғанмен де, қазір арнайы құрылған комиссия тергеу жұмыстарын бастады. Ақпан айында нәтижесі белгілі болады. Келешекте мұндай сұмдық қайталанбас үшін қатаң шаралар қолдану керек.

Хабар 24 телеарнасы