429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе әуежайында коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді

  • 823
Ақтөбе әуежайында коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді

Аурудың белгілері және одан қорғану жолдары ұшақ жолаушылары арасында кеңінен түсіндірілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылып келеді. Ақтөбенің ҚХР-мен тікелей әуе байланысы жоқ. Дегенмен аспан асты елінің азаматтары өңірге Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арқылы келеді. Оларды міндетті түрде тексеру қалыпты жолға қойылған. Әуежай аймағындағы типтік ғимаратта оқшаулау бөлмесі, санитарлық-карантиндік пункті жұмыс істейді. Коронавирусқа қатысты алдын алу шаралары басталған 6 қаңтардан бері Қытайдан 400-ден астам жолаушы келген. Көбісі қазақстандық студенттер мен сол елдің демалыс орындарынан оралғандар. Ал облыста қытайлықтар жұмыс істейтін 56 компания бар. Бүгінде өңірде қауіпті дерт түрі тіркелмеген. Арнайы құрылған өңірлік штаб жағдайды бақылап отыр.

Жадыра Алданова, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Мамандар байланыссыз тепловизормен қамтамасыз етілген. Келген азаматтардың дене қызуын тексереді. Дене қызуына шағым болған жағдайда алгоритм негізінде әрі қарай іс-шаралар жүргізіледі. Қытай елінен келген азаматтар, азаматшалар қатаң бақылауда тұр.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Емдеу мекемелерінің осындай жағдай болып қалған кезде, дер кезінде медициналық көмек көрсету бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, біз науқастарды қабылдауға қосымша 160 кереует қарастырдық. Екіншіден, дәрігерлер арасында олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы