427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған мәлімет таратқандарды қатаң жаза күтіп тұр

  • 814
  • UPD: 08:28, 01.02.2020
Жалған мәлімет таратқандарды қатаң жаза күтіп тұр

Ақмола облысында былтыр жалған мәлімет таратқандарға қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның көбі қандай да бір нысанда жарылғыш зат қойылған деп қоңырау шалғандардың үлесінде болса, қалғандары жасалмаған қылмыс жайлы хабарлағандар мен өтірік мәлімет таратқандар. Мәселен, өткен жылдың көктемінде Атбасар қаласының тұрғыны аудандық полиция бөлімінің ғимаратына бомба қойылған деп елді дүрліктірген болатын. Абырой болғанда, ақпарат расталмады. Ал күдікті дереу ұсталып, 3 жылға бостандығы шектелді. Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстарға жаза қатаң. Былтыр сол үшін аймақта 5 адам сотталған.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қылмыстық кодекстің 419 және 273 баптарына сәйкес жалған қылмыс жайлы хабарлағандар мен терроризм актілері жайлы жалған қоңырау шалғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ал өтірік мәлімет таратқандар бір жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы