430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу басталды

  • 1269
  • UPD: 14:01, 01.02.2020

Бүгіннен бастап елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілген көліктерді уақытша тіркеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бір ай бойы демалыссыз жұмыс істейді. Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу үшін жүргізушілер жеке куәліктерін, көліктердің мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлерін, тіркеу туралы анықтаманы және көлікті тіркеуге уақытша тұрғызғанын растайтын түбіртек өткізуі тиіс. Еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Шетелдік көліктерді уақытша тіркеуге тұрғызғандарға сары түсті нөмір беріледі.      

Елдос Нұралиев, әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Уақытша тіркеуге қою акциясы 2020 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады. Техникалық куәліктерін алуға баж, сонымен қатар бірінші төлемақыларын төлеу міндетті. Тіркеуге алынған нөмірлер келер жылдың бірінші наурызына дейін ғана жарамды.

Сәбит Мұсақұлов, мамандандырылған ХҚКО бас маманы:

– Біздің мамандандырылған бөлім құжаттарды, өтінімдерді қабылдауға дайын. Мамандарымыздың барлығы қандай тізім керектігін біледі. Бүгінгі күнге қызмет алушылар жағынан өтінім болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы