447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал қаласының іргесіндегі Желаев кентінде жаңа балабақша ашылды

  • 275
  • UPD: 19:18, 01.02.2020
Орал қаласының іргесіндегі Желаев кентінде жаңа балабақша ашылды

Екі мыңнан аса тұрғыны бар ауылда бұрын талапқа сай балабақша болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш жасқа толған балалар мектеп жанындағы шағын орталыққа барып жүрген еді. Айта кету керек, қазір Оралдың өз басындағы 135 мектепке дейінгі мекемеде 15 мыңдай бүлдіршін тәрбеиеленеді. Яғни, 3-6 жас аралығындағы барлық бала қамтылған. «Дегенмен, 1 жастан бастап балабақша кезегінде тұрғандарды да ұмытпауымыз керек», - дейді қала басшылығы.

Балғаным Сұлтанова, Желаев кентінің тұрғыны:

- Осы балабақшаны 40 жыл күттік. Қанша, қай жерге бармадық. Енді 40 жылдан кейін, міне, садик ашылды. Мен өте ризамын, біздің балалар бармаса да, немерелеріміз, шөберелеріміз осы балабақшаға келіп жатыр.

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

- Қазіргі таңда қаламызда тағы да қосымша балабақшалар ретінде пайдаланып отырған алаңдарды пайдалану арқылы, не болмаса бос тұрған ғимараттард  балабақша ғимаратына игеру мақсатында жұмыстанып жатырмыз. Алдағы айларда осы қосымша тағы да орындарды ашқымыз келеді. Соның бірінші кезеңін осы Желаев кентінен бастап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы