412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Еріктілер» орталығы ашылды

  • 561
  • UPD: 19:37, 01.02.2020
Өскеменде «Еріктілер» орталығы ашылды

Аталған орталық өлкедегі бүкіл еріктілер қозғалысын үйлестіретін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, ол жерде кімге көмек керек, қандай қолдау шаралары өтуі тиіс барлығы талқыланып, бірауыздан шешім қабылданады. Акция барысында осы еріктілер қозғалысына қатысушылар бас қосты. Олардың айтуынша, биыл атқарылар шаруа шаш етектен. Олардың ішіндегі ең бастыс –  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. Халықаралық деңгейдегі бұл жиынға 500 ерікті жұмылмақ. Олар қонақтарды қарсы алып, экскурсия өткізуді қолға алады. Тілмаштық қызметті де атқарады.

Марлен Әбубәкір, Еріктілер клубының мүшесі:

- Қазіргі уақытта ардагерлер үйіне, қарттар үйіне, жетім балалар үйіне көмектесіп жүрген жайымыз бар. Жыл сайын жасап жүрген жұмыстарымыз орасан зор. Биылғы жылы баршаңызға белгілі, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы міне, еріктілер жылымен тұспа-тұс келді. Осы аталған жылда атамыздың үлкен мерейтойында қызмет атқарамыз деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы