447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал мектептерінде виртуалды зертхана кабинеттері ашылды

  • 193
  • UPD: 23:20, 01.02.2020

Оралдағы Оқушылар сарайы мен 7 бірдей орта мектепте визуалды-интерактивті құрылғылармен жабдықталған виртуалды пән кабинеттері ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін тағы 15 мектеп осындай қондырғылармен жабдықталады. Бұл құрылғылардың әдеттегі интерактивті тақталардан артықшылығы көп. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін оқыту кезінде жаңа техология мұғалімнің қолын ұзартып, шәкірттердің тақырыпты терең игеруіне жол ашады. Кабинетте 3D модельдеу аймағы, конструкторлық бюро мен роботтар құрастыруға арналған орын да қарастырылған.

Мәдина Ғалиулова, оқушы:

- Күнделікті өмірдегі осы сабақтардан бөлек жаңа ақпарат, жаңа технологияға байланысты біз зор мүмкіндіктерге ие боламыз. Және де бұдан бөлек біз компьютермен қолданыста көп боламыз. Көп ақпарат алғанымыздан бөлек, жаңа технологияны меңгере отырып, өзіміздің білімімізді жетілдіріп отырамыз.

Гүлім Тұралиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Бұл «STEM smart» панелінің мүмкіндігі өте мол. Атап айтатын болсақ, жаратылыстану пәндері бойынша биология, химия, география, физика пәндері бойынша оқушыларға виртуалды тапсырмаларды құрып, сол бойынша оқушыларға тапсырмаларды орындау мүмкіндігі бар. Және де анатомиялық дене мүшелерін балалар шынайы түрде соны көріп, зертханалық жұмыстарды орындай алады.

Хабар 24 телеарнасы