425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының ескерткіштері туралы смартфон көмегімен ақпарат алуға болады

  • 552
  • UPD: 10:18, 02.02.2020
Маңғыстау облысының ескерткіштері туралы смартфон көмегімен ақпарат алуға болады

Маңғыстау облысына барған саяхатшылар смартфонның көмегімен тарихи-мәдени ескерткіштер туралы толық ақпарат ала алады.

Аймақта QR-Mangystau мобильді қосымшасы жұмыс істей бастады. Мұнда Бекет Ата, Шақпақ ата жерасты мешіттері мен өңірдің ең биік жері Отпантау сынды 49 көрікті жер енгізілген. Бір ерекшелігі – аталған мобильді қосымша интернетсіз де жұмыс істейді. Ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Сонымен қатар «Маңғыстаудың киелі жерлерінің» интерактивті картасы жасақталды. Картада Қазақстанның қасиетті жерлерінің тізіміне енген 43 нысан бар. Киелі мекендердің тарихы туралы ақпараттар мен аңыздарды, олардың фотосуреттерін, 3D форматындағы видеоларды әлемнің кез-келген нүктесінен көруге болады. 

Марат Өтесінов, облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары:

- Мобильді қосымшаны жүктеп алып, объектілерге барасыз. Нысандардың қасында табличкасы тұрады. Ол тақтайшаларды сканермен өткізсеңіз, тікелей сол нысан туралы мәлімет шығады. Аңыз әңгімелер, фотосуреттер, тағы басқалар.

Хабар 24 телеарнасы