421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда зағип жан ХҚКО-да тұрғындарға толыққанды қызмет көрсетіп жүр

  • 504
  • UPD: 13:59, 02.02.2020

Атыраудағы халыққа қызмет көрсету орталығында зағип кеңесші Айбек Идаятов жұмыс істейді. Заңгер маман мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан өз саласы бойынша тұрғындарға кеңес береді. Арыз-шағымдарын қабылдап, тиісті құжаттардың заңдылығын бақылайды. Арнаулы оқу орнында білім алған маман енді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еңбек етіп жүр.

Атырау қаласының тұрғыны Айбек Идаятов туабітті зағип. Алайда қатарынан қалғысы келмеген жігіт 28 жасында арнаулы оқу орнын бітіріп, өз мамандығы бойынша еңбекке араласыпты. Бұған дейін жекеменшік мекемелерде заңгер міндетін атқарған Айбек, қазір халыққа қызмет көрсету орталығының белді маманы. 

Айбек Идаятов, ХҚКО кеңесшісі:

- Өзімнің мүмкіндігім шектеулі болса да, өзімді шектемей, халықтың ортасында жүргім келеді. Көптеген сұрақтар болады, халықтан. шеше алматйын мәселелер болады. Мысалы, өзім енді көзіміз көрмегесін халыққа келгенде қағаз көрсеткенде қиналып қаламын. 

Халыққа қызмет көрсету орталығы жас маманды жылы қабылдапты. Оған Айбектің зағиптығы емес, жұмысқа деген ынтасы, «көмектессем» деген құлшынысы себеп. Ұжымдастарының айтуынша, жігерлі жас берілген тапсырмаларды уақытылы, әрі сапалы орындайды екен. 

Нұрлыбек  Бақтығалиұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

- Ол кісі былтыр қараша айында маман болып жұмысқа қабылданды. Оның заң бағыты бойынша арнайы орта білімі бар. Қазір бізде халыққа қызмет көқрсету бағыты бойынша қалалық  бірінші бөлімінің маманы. Бұл кісілер өздеріңіз білесіздер төрт сағат қана жұмыс істейді. оның жұмыс кестесі өзінің қалауы бойынша  түске дейін ғана бізде еңбек етеді. 

Атырау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі 23 мыңға тарта азамат тіркелген. Оның 19 мыңы ересек, яғни еңбек жасындағылар. Осы санаттағы жандарды ортаға бейімдеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесі де айтарлықтай. Мысалы, былтыр 276 азамат тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Тағы 12 мүмкіндігі шектеулі азамат қоғамдық жұмысқа тартылса, 24 тұлға жеке ісін ашу үшін мемлекеттік грантқа ие болып бизнеске бет бұрды. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже,  Амантай Матенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы