376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа байланысты ШҚО-дағы кеден бекеттері жабылды

  • 158
  • UPD: 07:42, 03.02.2020
Коронавирусқа байланысты ШҚО-дағы кеден бекеттері жабылды

Қытай елінде таралған қауіпті дертке байланысты екі ел шекарасы түйісетін Шығыс Қазақстандағы кеден бекеттері жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тепловизорлармен қамтылған пунктерде вирус жұқтырған адам тіркелген жағдайдағы іс-әрекет барысы пысықталып жатыр. Мамандар тәжірибе алмасып, жан-жақты қамдануда. Медициналық қызметкерлер туристерді және көрші елмен бірлескен кәсіпорындардағы жұмысшыларды бақылауға алды. Облыс әкімінің айтуынша, қазір өңірде медициналық препараттар жеткілікті. Жұқпалы ауруларға арналған мың орын дайын.

Хабар 24 телеарнасы