445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында биыл он елді мекен ауыз сумен қамтылады

  • 323
  • UPD: 08:41, 03.02.2020
Ақтөбе облысында биыл он елді мекен ауыз сумен қамтылады

Ақтөбе облысында биыл елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде, қаржыландыруды қажетсініп тұрған 18 жоба дайын. Іске асса, өңірдің 10 ауылына су жетеді. Нәтижесінде Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар және Ойыл аудандарының мыңдаған тұрғыны орталықтандырылған ауыз су желісін пайдаланады. Бұдан өзге, биыл жеті елді мекеннің құбырын жаңғырту көзделген. «Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 6,8 млрд теңге бөлінеді», дейді мамандар. Қаржы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Айта кетейік, бүгінде өңір халқының 95%-імен ауыз сумен қамтылған. 

Қаржаубай Ыбрайымұлы, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

- Жалпы алғанда үлкен елді мекендердің барлығы ауыз сумен қамтылуға жақын. Көп қалған да жоқ. Көбі шағын елді мекендер. Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға дейін бүкіл ауылды қажеттісімен қамтамасыз етуге жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы