430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Бесқарағай ауданында былтыр 72 адам кәсіп ашқан

  • 485
  • UPD: 10:09, 03.02.2020

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында былтыр 72 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы өз кәсібін ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар алдымен арнайы оқытылып, бизнес жоспарларына мемлекеттен 505 мың теңгеден грант алған. Қазір асхана, сән салоны, тіл оқыту орталығы сияқты жобалар сәтті жүзеге асты. Мал ұстап, жиһаз өнімдерін шығарып жатқандар да бар.

Бесқарағайлық Жанар Ташиева көптен жұмыссыз жүріпті. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы естіп, тәуекелге бел буған. Алдымен оған бизнесті жүргізудің қыр-сыры оқытылып, жартылай дайын ет өнімдерін шығару жобасына 505 мың теңге грант берілген.

Жанар Тәшиева, жас кәсіпкер:

- Менде қазір екі қыз жұмыс істейді. Барлығы таза өнімдер, бұларды дүкендерге тапсырамыз. Болашақта жақсы жүріп кетсе, кеңейту ойымда бар.

Ал Рада Төлеуханова да осы бағдарлама арқылы сән салонын ашып алды. Бұрын ауданда мұндай нысан болмағандықтан, сұраныс жоғары екенін айтады. Сондықтан кәсібін кеңейткісі келеді.

Рада Төлеуханова, көп балалы ана:

- Бұрын айналысып көргем, бірақта жалдамалы жерлерде істеп жүрдім. Қазір бұл өзімдікі болғандықтан, көп уақыт бөлесің, көп тырысасың. Маған айтқан атаулы көмекке келіңіз деп, мен өзім барған жоқпын, құжат өткізген жоқпын. Өйткені маған осы жұмыс жетеді. Өзім айтқанмын, осы жұмысты ашсам, маған ол АСП керегі жоқ. Үкімет берген осы мүмкіндікке рахмет айтамын, осы жұмысымның табысы жетіп жатыр.

Алуа Құрманғалиева, Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- 3 жұмалық курсын тамамдап, одан кейін құжаттарын бизнес жоспарға сәйкес комиссияға өткізеді. Сол комиссия қарастырып, егер де ол біздің ауданға қолайлы болса, осы бағыттағы бизнес жобасы, онда қолдау көрсетіп, осы грантты 505 мың әрқайсысына. Бүгінгі күнде 72 адамға беріп, биыл да аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көп балалы аналарға және жастарды көздеп отырмыз. Осы кісілерге тағы қолдау көрсетіп осы жұмыспен қамту орталығы бағдарламасына қатыстыруға мүмкіншілік беріп отырмыз.

Биыл да арнайы білім алып, өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттен қолдау көп. Тек ынта мен жігер, ниет керек.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы