423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымына дайындық басталды

  • 365
  • UPD: 13:50, 03.02.2020
Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымына дайындық басталды

Енді аз күнде Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде табиғат қорғаушылар теңізге құятын су арналарының жай-күйін бақылап, браконьерлік ау-құралдардан аршу жұмыстарын жалғастыруда. Мұз қатқалы инспекция мамандары өзен мен каналдардан 150 ау-құралын шығарды. Алдыңғы болған балық қырғынынан соң мамандар бүгінде айдын үстін қатаң бақылауға алған. Өзен мен шағын су арналарындағы әрбір өзгеріс зерттеліп отырады.

Еламан Хабибуллин, Дамба инспекциялық бөлімінің басшысы:

Сол 150-дей ау құралынан 2 тоннаға тарта шамамен қара балықтар шықты. Әртүрлі. Олардың тірілерін қайтадан суға жібереміз, ал әлсіздерін кейін суға жіберілмейтіндей күйде болғандарын иесіз аудан шыққан балық ретінде тиісті орындарға тапсырамыз. Жалпы қарайтын болсақ, Жайық өзеніне балықтың кіруі жақсы.

Хабар 24 телеарнасы