419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республикалық маңызға ие жолдардың шамамен 86%-і қанағаттанарлық жағдайда

  • 400
  • UPD: 14:32, 03.02.2020
Республикалық маңызға ие жолдардың шамамен 86%-і қанағаттанарлық жағдайда

«Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің Павлодар арқылы өтетін бөлігіндегі жол құрылысы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үстіміздегі жылдың жаз айларында қолданысқа берілуі тиіс. Бүгінгі таңда автобанды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін сынақ түрінде ақылы жол режимі енгізіледі. Ол инвестордың көмегімен жүзеге аспақ. Бүгінгі күні анықталып та үлгерген. Атап өтерлігі, республикалық маңызға ие жолдардың шамамен 86%-і қанағаттанарлық жағдайда. Облыс аралық жолдарды қалпына келтіру ісі 80%-ке жеткен.

Данияр Баймағамбетов, «Қазақавтожол» ҰК» АҚ Павлодар филиалы  жетекшісінің орынбасары:

- Павлодар облысында ақылы жолдарды енгізу екі кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші кезеңі Павлодардан Омбыға қарай Ресей Федерациясының шекарасына дейін жетеді. Ал, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Павлодарға, одан ары Семейге дейін енгізіледі. Қазір «Орталық-Шығыс» көлік жолының Нұр-Сұлтан қаласына дейін негізгі жұмыстары аяқталды. Көліктер екі бағыт бойынша қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы