375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерді бірлесе басқару үшін келісім дайындауда

  • 114
  • UPD: 15:43, 03.02.2020

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерді өзара келісе басқару үшін үкіметаралық келісім дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұр-Сұлтан мен Ташкент әзірлейтін жаңа құжаттың шарапатын әр тарап бірдей көретіні анық», - дейді Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі. Шавкат Хамраевтың айтуынша, соңғы екі жылда бірлескен жұмыс тобы суға қатысты бірнеше күрмеулі мәселенің шешімін тапты. Мәселен, ала шапандылар Ферғана аңғарындағы арналарынан су алуға шектеу қойып, Әндіжан су қоймасынан қосымша су жіберіп отыр. Сонымен, бірге еліміздің суармалы жерлерін Сырдария өзенінен «Достық» арнасы арқылы тіршілік нәрімен қамтамасыз етуде. Бүгінде қазақ пен өзбек тараптары Қырғызстандағы «Тоқтоғұл» және Тәжікстандағы «Бахри Точик» бөгендерінен су жіберу тәртібіне алаңдаулы. Өйткені «Достық» мемлекетаралық каналына судың толуы осы қоймаларға толық тәуелді. Сондықтан көрші ағайын бұл сұрақтың кілтін табу үшін бірлесе жұмыс істеуге үндеп отыр.

Шавкат Хамраев, Өзбекстанның су шаруашылығы министрі:

- Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын сумен қосымша қамтамасыз ету үшін Әндіжан бөгенінен Сырдария өзеніне жыл сайын 500 млн текше метр су жібереді. Бұл бізге тиімсіз болса да, осындай шараны жиі қолға аламыз. Бүгінде біз суармалы жерлерді тіршілік нәрімен аймақтағы мемлекеттердің мүдделерін ескеріп қана қамтимыз.

Бүгінде сарапшылар Орталық Азиядағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 2040 жылға қарай 25%-ке төмендейді деп болжап отыр. Бұл тұтынушылар санының көбеюіне және аймақтағы елдердің экономикаларының өсуіне байланысты. Сырдария мен Әмудария суының тиімсіз пайдалануы кезінде Арал теңізінің трагедиясына әкеліп соққанын айта кету керек.

Хабар 24 телеарнасы