399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қытай арасында жолаушы тасымалы тоқтатылды

  • 376
  • UPD: 20:03, 03.02.2020
Қазақстан мен Қытай арасында жолаушы тасымалы тоқтатылды

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе кемелерімен жолаушы тасымалдау тоқтатылды.  Бұндай шара көрші мемлекеттегі коронавирус індетінің таралуына байланысты қабылданып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін, яғни 27 қаңтардан бастап Үрімші мен Құлжа сынды қалаларға баратын автобустардың қатынауына тыйым салынған еді. Осы бағыттар бойынша күніне 14 қоғамдық көлік жүретін. Туристердің темір жол арқылы келуіне де уақытша шектеу қойылды. Алматыдан шығатын пойыз енді Достық станциясына дейін ғана барады. 

Ұлжан Арымбекова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы: 

- Алматы-Үрімші, Үрімші-Алматы бағытында қатынайтын жолаушы пойызы 1 ақпаннан бастап тоқтатылды. Және де жүк тасымалдайтын пойыз қалыпты режимде жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы