443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ірі кәсіпорындар 2025 жылы ең озық технологияларды енгізеді

  • 252
  • UPD: 21:52, 03.02.2020

2025 жылдан бастап еліміздегі ірі өндіріс орындары ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді. Заманауи қондырғылар ауаға бөлінетін зиянды заттар көлемін азайтуы тиіс.

Бұл туралы Мәжілісте «Экологиялық кодекс» жобасын таныстырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Жаңа технологияларға көшу үшін кәсіпорындарға 10 жыл уақыт беріледі. Осы аралықта олар эмиссиялық төлемдерден босатылады. Министрдің айтуынша, жаңа жүйе Еуропаның тәжірибесі. Онда озық технологиялардың көмегімен ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар 94%-ке төмендеген. Ал бұл жүйеге көшпегендерге эмиссиялық төлем көбейтіледі. 

Айта кетейік, эмиссиялық төлемдерден ел қазынасына жылына орта есеппен 90 миллиард теңге түседі.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды қысқа уақытта енгізуге дайын болатын болса, онда біз де сондай кәсіпорындарды қолдаймыз. Енгізбеген кәсіпорындар эмиссияға төленетін төлемдер 2025 жылдан бастап екі есе, 2028 жылдан бастап төрт есе және 2031 жылдан бастап 8 есе өсетін болады.

Хабар 24 телеарнасы