448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО: су бөгеттері апатты жағдайда тұр

  • 159
  • UPD: 20:58, 03.02.2020
СҚО: су бөгеттері апатты жағдайда тұр

Солтүстік Қазақстанда әрбір үшінші гидротехникалық құрылғы апаттық жағдайда тұр. Табиғат қорғау прокурорлары осылай дейді.

Олардың айтуынша, жаңадан салынған нысандар да жарамсыз. Мәселен, Уәлиханов ауданындағы «Сегізкөз» су өткізу бөгеті былтыр алғашқы тасқынға да төтеп бере алмапты. Оның құрылысына 100 млн. теңге бөлінген. Қазір осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. Соған қарағанда алдағы көктемнен қауіп көп.

ТЖ қызметкерлерінің айтуынша, өңірде Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Шал ақын, Тимирязев, Мағжан Жұмабаев және осы Уәлиханов аудандарына қар жылдағыдан көп түсті. 

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Елді мекендерге қаупін азайту мақсатында «Сегізкөз» гидротехникалық құрылғысының жанынан арнайы канал қазылып отыр қазіргі таңда. Бұл канал елдімекендерді айналып өтетін аумақпен тікелей Сілеті теңіз көліне құятын болады осыған байланысты.

Хабар 24 телеарнасы