376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

  • 165
  • UPD: 21:32, 03.02.2020

Сыр өңірінде күн жылы қабақ танытып тұр. Мұндай кезде өзендегі мұз еріп, сең козғалуы мүмкін.

Осыған орай құтқарушылар да әзірліктерін пысықтап, құралдарын сайлап жатыр.

Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 400 текше метр су тасталып жатыр. Оның 300 текше метрі Көксарай су реттегішіне кетеді. Ал Қызылорда облысының аумағынан секундына 120 текше метр су өтуде. Жосалы годробекетіндегі су деңгейі 630 сантиметр шамасында. Қауіпті меже 680 сантиметр. Демек, үрейленуге негіз жоқ, - дейді мамандар.

Бақытжан Жундабеков, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы:

 - Шардараның суының азаюына байланысты біздің қалаға ондай су қаіпі жоқ. Оңтүстік аудандарда су қатқан жоқ. Қазір мұз Арал, Қазалы ауданы 5-20 см дейін қалың болып тұр.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

 - Сырдария өзенінің Қызылорда облысындағы жалпы ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Оның бойында бүгінде 56 қауіпті уаске бар екен. Оның 5-еуі осы Қармақшы ауданында. Су арнасынан асқан жағдайда қандай ірекет жасалады? Осы оқу-жаттығу барысында сол жұмыстар пысықталды. Мынадай қапшықтарға құм салынып, судың жолы бөгелетін болады. Бұл қапшықтарды қоюдың да өз  ідісі бар. Сонда ғана суды тоқтату мүмкін болады.

Дегенмен, сақтық керек. Қармақшы ауданының аумағында өзен иіндері көп. Мұз құбылысы кезінде су деңгейі кенеттен көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдай биылдың өзінде бірнеше рет қайталанды. Бүгінгі техникалар мен қажетті инерттік материалдарды түгендеп, дайындығын тексерудің де бір себебі осы. Мына қаз-қатар тізілген ауыр техникалар қандай да бір оқыс жағдай кезінде бөгеттерді нығайтып, мал мен жанды аман алып қалу үшін жұмылдыры лмақ.

Өмірбек Сақтабаев, Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:

 - Қармақшы ауданы бойынша осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 9,5 тонна жағар май қоры, 2 мың дана қада, 2 мың метр сым, 1700 бау қамыс, 10 мың қап құммен әзірленген. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандары мен осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға келісім жасалған.

Синоптиктер өңірде алдағы 5 күн бойы жылы ауа райының сақталатынын мəлімдеп отыр. Түнде - 1, ал күндіз +7-10 градусқа дейін көтеріледі. Демек, бұл күндері сең қозғалуы ықтимал. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі де жоғарғы дайындыққа келтірілетіні сөзсіз.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы