435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі әуежайға Абайдың есімі берілді

  • 342
  • UPD: 22:07, 03.02.2020

Семейдегі халықаралық әуежайға Абай есімі берілді. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың бұл ұсынысын республикалық ономастикалық комиссия қолдап, түпкілікті шешім шығарды.

Былтыр бұл нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртылып, оған республикалық бюджеттен 10 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінген. Тарихи қалада қазір сондай-ақ орталық көше, қазақ драма  театры, әмбебап кітапхана және музей  данышпан ақынның атымен аталады.  

Анаргүл Бүркітбаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы: 

- Семей қаласы мен Абайдың өмірі тығыз байланысты. Абай осы Семей қаласында білім алды. Одан кейін Семей қаласына тұрақты келіп, қоғамдық қызметі, бірнеше қоғамдық ұйымдарға мүше болған болатын. Сондықтан Абай есімі Абайдың аяғы тиген, ізі қалған жер болған және бұл осы Семей қаласына түскен әрбір адамға Абай жеріне келді деген бойында сезім пайда болуы үшін деп халық мұны тұрғындар тарапынан қолдау табылды.

Хабар 24 телеарнасы