427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайнаған қазанды бүлдіршін үстіне құлатқан балабақша қызметшілерінің ісі тоқтатылды

  • 776
  • UPD: 22:25, 03.02.2020
Қайнаған қазанды бүлдіршін үстіне құлатқан балабақша қызметшілерінің ісі тоқтатылды

Алты жастағы ақтаулық бүлдіршіннің үстіне ыстық қазанды құлатып алған балабақша қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Айыпталушылар мен жәбірленуші тарап өзара келісімге келген. Оқиға былтыр наурыз айында болған еді. Балабақша ішінде жүгіріп жүрген ойын баласы қазан көтеріп келе жатқан тәрбиешінің көмекшісіне соқтығысып қалған. Сөйтіп, ыстық сорпа үстіне төгіліп, бүлдіршіннің деенсінің 29 процентін күйік шалды. Осы жағдайдан кейін тәрбиеші мен оның көмекшісі және мейірбике жұмыстан шығарылды. Тоғыз ай емделген баланың жағдайы елордада жасалған операциядан соң жақсарған.  

Гүлмаржан Әділсұлтани, қалалық соттың судьясы:

- Бұл іс бойынша сотталушылар толық өз кінәларын мойындап отырғандығы, сонымен қатар істеген әрекеттеріне өкініп отырғаны сотпен ескерілді. Сотталушылар мен жәбірленушілерге мүмкіндік берілді татуласу жөнінде. Жәбірленуші тарапынан кешірім берілді. Сонымен қатар Ақтау қалалық білім бөлімінің атына жеке қаулы шығарылды: мамандарды жұмысқа алу барысында бақылауға алып, үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде. Балабақша меңшерушісі Юлдашеваның әрекетіне процессуалдық шешім қабылдау жөнінде қалалық прокуратураға жеке қаулы жолданады.

Хабар 24 телеарнасы