435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда тәрбиешінің баланы ұрғанын жасырған директор жазаға тартылды

  • 178
  • UPD: 22:42, 03.02.2020
Павлодарда тәрбиешінің баланы ұрғанын жасырған директор жазаға тартылды

Павлодарда тәрбиешінің баланы ұрғанын жасырғаны үшін балабақша директоры жазасын тартты.

Оған жағдайды тиісті органдарға хабарламағаны үшін айыппұл салынды. Мұнда бес жасар баланың анасы ұлының денесіндегі көгерген жерлерді байқап, дереу полицияға хабарлаған. Тергеу барысында балаға тәрбиешінің қол көтергені анықталды. Бұл жағдайдан соң балабақша басшысы өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Дегенмен, баланың ата-анасы кінәлі тұлғадан моральдік шығынды өтеуді көздеп отыр.

Гүлнұр Жаңабекова, облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі соттың кеңсе меңгерушісі:

- Соттың шешімімен оған 10 АЕК көлемінде, яғни 25 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Азаматша сот отырысында кінәсін мойныдағандықтан айыппұл сомасы 30 процентке азайтылып, 17 675 теңгені құрады. 

Хабар 24 телеарнасы