375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртаудағы қара түсті қарға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

  • 126
  • UPD: 22:54, 03.02.2020
Теміртаудағы қара түсті қарға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

Теміртауда ақ ұлпа қарайып шыға келеді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаладағы зиянды қалдықтардың 77 пайызы «АрселорМитталТеміртау» компаниясына тиесілі. Теміртаудағы қара қар туралы әңгіме алғаш рет осыдан екі жыл бұрын қозғалған болатын. 2018 жылы алынған сынаманың қорытындысы зиянды қалдықтардың ауаға шамадан тыс таралғанын анықтап берген еді. Бірақ сарапшылар бұл құбылысқа қай кәсіпорынның кінәлі екенін дөп басып айтып бере алмады. Іле-шала қаланы экологиялық тұрғыдан сауықтыру жұмыстары қолға алынған.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, оны жүзеге асыру үшін біршама уақыт керек. Бұған климаттық жағдай мен жел бағытының өзгеруі де кері әсер етіп отыр.  

Екатерина Оборина, эколог:

- Бүгін мамандар Теміртауға барып, сынама алып қайтты. Бірнеше күннен кейін қорытындысы белгілі болады. Қар құрамында қандай зиянды заттардың бар екені және қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорын да сол кезде анықталады деген сенімдеміз.

Дмитрий Калмыков, «Қарағанды облыстық экологиялық музейінің» даму бойынша директоры:

- Бұл негізінен электр энергиясы өндірісінде қолданылатын жанғыш заттар. Атап айтсақ, оксидтер мен металдар. Олар адам ағзасына зиян келтіреді. Сондықтан мемлекет кәсіпорындардан өндіріс қалдықтарын төмендетуді талап етіп, осы бағытта арнайы жоспар құруды міндеттеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы