412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны артты

  • 408
Ақтөбе облысында қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны артты

Ақтөбе облысында қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны өсіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек былтырдың өзінде есепте тұрғандардың қатары 1,2 процентке артқан. Бұл скринингтік және медициналық тексерулердің нәтижесінде анықталды. Бүгінде өңір бойынша жеті мыңнан астам адам дәрігерлердің бақылауында тұр. Көбі өкпе және асқазан обырына шалдыққандар дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары. Дегенмен облыс қатерлі ісікті анықтау мен емдеуде үздік аймақтардың қатарында. 150 орындық онкологиялық ауруханада былтыр ондаған операция сәтті жасалды. Қажетті дәрі-дәрмек те жеткілікті. Жалпы бұл шаралар республикалық бюджеттің қаржысы жұмсалған кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүргізіліп келеді. Алайда онкологиялық ауруға шалдыққандар қатарының артқаны алаңдаушылық туғызып отыр. Сондықтан биыл да кең көлемді алдын алу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Бақытжан Түлкібаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– 2019 жылдан бастап бізде қымбат диагностикалық зерттеулер жасалып келеді. Компьютерлік томографияға 2019 жылға 70 млн-дай республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Соның ішінде 2136 науқасты қамтыдық.

Хабар 24 телеарнасы