412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 13 мыңнан аса адам онкологиялық тіркеуде тұр

  • 264
Қостанай облысында 13 мыңнан аса адам онкологиялық тіркеуде тұр

Қостанай облысында қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың саны 2 жарым мыңға көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал барлығы 13 мың 120 адам онкологиялық тіркеуде тұр. Бір қуанарлығы, олардың өмір сүру ұзақтығы артқан. Бұл қатерлі ісіктің алдын алу, оны дер кезінде сапалы емдеу шараларының нәтижесі дейді мамандар. Қостанайдағы көп бейінді онкологиялық аурухана бүгінде молекулярлық-генетикалық сараптама жасау мүмкіндігіне ие. Сондықтан мұнда өзге өңірлерден келушілер көп. Емхана 300 адамға есептелген, алайда олар күніне 900-ге дейін қабылдайды. 

Ксения Дисаенко, онкологиялық емхана меңгерушісі:

– Шамалап айтар болсақ, қаралуға келгендердің 70 процентінің диагнозы жоққа шығарылса, 30 процентінен қатерлі ісік анықталып жатады. Өкінішке орай өсім бар. Бұл – бір жағынан ауруды бас кезінде анықтай алғанымыздың нәтижесі. Яғни қауіпті дертке қарсы тұру мүмкіндігі молаяды.

Хабар 24 телеарнасы