412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтау мүмкіндігі артты

  • 327
Павлодарда қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтау мүмкіндігі артты

Павлодарда ауруды бастапқы сатысында анықтайтын тың технологиялар қолданысқа енгізілу үстінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онколог дәрігерлер жаңа орталыққа көшуге дайындалып жатыр. Емдеу мекемесі өткен жылдың аяғында қолданысқа берілген болатын. Озық үлгідегі заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жаңа онкологиялық орталықтан үміт көп. Қазір қымбат әрі тиімділігі жоғары сәулелік қондырғы сынақтан өткізіліп жатыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысында қатерлі ісікке шалдыққан 11 мың адам тіркеуде тұр. Дәрігерлер онкологиямен ауыратындардың өмірін ұзартуға озық технологиялардың арқасында қол жеткенін айтады. 

Ернұр Неғманов, онкологиялық орталықтың диспансерлік бөлімшесінің онколог дәрігері:

- Бізде үлкен мүмкіншілік бар, диагностика жағынан ем өткізу жағынан көптеген құрал-жабдық алынды. Соның ішінде диагностикаға тоқталсақ, мұның ішінде МРТ, КТА аппараттары және де эндоскопия және де операция жасауға лапроскопиялық құрал-жабдықтар алынған. Емдеу құрал-жабдықтарының ішінде сәулелік жылдамдатқыш алынған. Бұл – заманауи емге жатады, бұл біздің облысымызда болмаған құрал.

Хабар 24 телеарнасы