443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шариғат екпеге тыйым сала ма

  • 266
Шариғат екпеге тыйым сала ма

Ақтауда баласына екпе салдырудан бас тартатын діни ағымдағы ата-аналар саны 70 процентке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қатерлі дерт пен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңа жылдан бері түрлі вакциналарды жаппай ектіріп жатыр. Дәрігерлер бұрындары үйлеріне жолатпайтын ата-аналардың екпенің маңызын түсінгеніне қуанышты. Мәселен, №2 қалалық емханада қазір екпе салынбаған 11 бала ғана бар. Санитарлық ағарту жұмыстарының арқасында жат ағымдағы азаматтар жұқпалы аурулардың қауіптілігін сезініп жатыр дейді дәрігерлер. Соңғы бір айдың ішінде емханаға бұрын қарсылық танытқан 12 отбасы келіпті. 7-12 жас аралығындағы балалар өмірінде алғаш рет екпе алған.

Жанна Шанытбаева, №2 қалалық емхана директорының орынбасары:

– Бұрынғы жағдайда діни ағымдағы ата-аналар екпеден мүлде бас тартатын. Біздің дәрігерлермен сөйлеспейтін. Дәрігерлер үйіне барып, баласына қараған кезде баланы қаратпай, мейірбекелерден мүлде бас тартқан. Қазір сол діни ағымдағы адамдар ойларын өзгертіп, бастапқыда 1 екпе, одан кейін қалған екпелерді жалғастыруда. Қазіргі қызылша ауруы – тірі вакцина. Оның жұғуы ауа арқылы. Ауа тамшылары арқылы таралады. Сондықтан біз ата-аналарға түсіндіріп айтамыз. Екпе алмаған бала түшкіргенде, жөтелгенде басқа балаға жұғады. Тарамау үшін, қызылшаның алдын алу үшін бізге екпе алғанымыз дұрыс.

Айдос Мүтәлиев, «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы:

– Әрине бұл жерде біздің медицинаның дамығаны деп айта аламыз. Себебі бұған дейін де біздің елімізде қызылшадан қаншама халықтың қырылғанын тарихтан білеміз. Ал қазір қоғамда одан аман-есен алып қалудың бірден бір себебі – оған қарсы екпенің егілуі. Әрине шариғатта бұл екпе алуды немесе алдын алудың басқа да түрлеріне ешқандай да шариғат тыйым салмайды.

Хабар 24 телеарнасы