411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында өткен жылы 2835 адам қатерлі ісікке шалдыққан

  • 463
  • UPD: 18:00, 04.02.2020
Алматы облысында өткен жылы 2835 адам қатерлі ісікке шалдыққан

Алматы облыстық көп салалы клиникасы мен барлық аудандық және қалалық емханаларда қатерлі ісіктің алдын алуға арналған ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барысында онколог мамандар тұрғындарды тексеріп, тегін кеңес береді. Өңірде қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау көрсеткіші 23%-тік межеге жетті. Мәселен, Алматы облысы бойынша өткен жылы 2835 адамнан қатерлі ісік анықталған. Ал төртінші сатыдағы науқастарға медицина саласының қызметкерлері мен психологтар өткен маусым айынан бері үйлеріне барып, қызмет көрсетуде. Тұрғындар компьютерлік және магнитті резонансты томографиядан өтуге бұған дейін өз қалталарынан қаржы шығындап келсе, қазір тегін өтуге мүмкіндік туып отыр.

Данияр Оралбаев, облыстық көп салалы клиника директоры:

- Үкімет тарапынан қазір осы қызметтерге ақша қосымша бөлініп, былтырғы жылдың өзінде бөлінген қаражаты 100%-тей меңгерілді компьютерлік томография мен магнитті резонансты томография бойынша. Арнайы емнің сапасын арттыру мақсатында бізде телепатология және молекулярлық генетика салаларына да қосымша ақша бөлініп, ол бойынша да бөлінген сомаларды бүгінгі таңда 100%-ке орындадық.

Хабар 24 телеарнасы