443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардан тұрмыстық қалдықтардың шығарылмағанына бірнеше күн болды

  • 167
  • UPD: 22:42, 04.02.2020

Павлодар қаласы тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында қоқыстың шығарылмағанына бірнеше күн болған. Ауланың бәрі күл-қоқысқа толы. Шаһар билігінің хабарлауынша, қызмет көрсетуші компания тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясына тарифті көтеру жөнінде ұсыныс жолдаған. «Қоқыстың уақытында шығарылмауының негізгі себебі осы», деп түсіндірді шенеуніктер. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жан басына шаққандағы қызмет құны 159 теңге. Ал монополистер бағаны 322 теңгеге көтеруді сұрап отыр.

Лейла Конышева, қала тұрғыны:

- Қоқысты шығару бойынша мәселе туындамайтын. Енді шығарыдмай қойды. Аула тұрмыстық қалдықтарға толып кетті. Әзірге себебін білмейміз. Қызмет үшін төлем жіберілмеген болар.

Арыстан Кенжалинов, қала әкімінің орынбасары:

- Павлодарда қоқыс шығару тарифі елімізде арзан. Еліміз бойынша орташа тариф адам басына шаққанда 180 теңгені құрайды. Ал бізде 159 теңге. Бұл мәселе қалалық мәслихат депутаттарының қарауына шығарылады. Әзірге туындаған коммуналдық проблеманы шешу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура органдарына хат жолдадық.

Хабар 24 телеарнасы