447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақпанда құбылмалы ауа райы күтіп тұр – Синоптиктер

  • 247
  • UPD: 13:18, 05.02.2020
Ақпанда құбылмалы ауа райы күтіп тұр – Синоптиктер

Қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қалың қар түсіп, тұрғындарды біраз әбіргерге салды. Метеорологтар ақпан айында да елімізде ауа райы құбылмалы болады деп ескертеді.

Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар түседі. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман болады. Синоптиктердің болжауынша, қолайсыз ауа райы атлантикалық циклонмен келетін атмосфералық фронттармен байланысты. Осы аптада Солтүстік және Шығыс Қазақстан аумағында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Ал еліміздің солтүстік-батысында ақ ұлпа белгіленген нормадан көп түседі деп күтілуде. Сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын нормадан көп болады. Ақпан айының алғашқы онкүндігінде солтүстіктегі ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендейді. Ал қалған өңірлерлерде ауа температурасы бірқалыпты сақталады. Сонымен қатар Қазақстанға Ираннан біртіндеп алмасқан жылы ауа массаларынан бірнеше өңірде күн жылынады. Атап айтқанда, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температура деңгейі 12 градусқа дейін, батыс пен солтүстік-батыста 7 градусқа дейін көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы