377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лотереялардан түсетін қаражаттың бір бөлігі спорттың дамуына бөлінеді

  • 157
  • UPD: 15:36, 05.02.2020
Лотереялардан түсетін қаражаттың бір бөлігі спорттың дамуына бөлінеді

Жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады.

Мәжілісте ҚР кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотереялық қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды.

«2017 жылғы 10 ақпандағы 48-ші ҚР Үкіметі қаулысымен «Сәтті жұлдыз» акционерлік қоғамы лотерея операторы болып анықталды. Жаңа заңға сәйкес анықталған лотерея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыстарын төлеу, Қазақстан бюджетіне салық төлеу, спортты дамытуға төлемдер, сондай-ақ 3 мыңнан астам шағын бизнес субъектілеріне қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын құру мәселесін қамтамасыз етеді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Айтуынша, лотерея операторы қатысушылардың енгізген ақшасын жинайды және кейін оларды осы қатысушылардың арасында ойнатады. Сондай-ақ жиналған қаражаттың бір бөлігін елдегі спорттың дамуына бағыттайды. Лотерея бізде елдің бақылауында.

«Лотереялық қызмет атын жамылып алаяқтық қызметті жүзеге асырудан және жарнамада жалған лотерея қызмет туралы ақпарат таратуда ҚР азаматтары қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай лотерея операторынан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салу енгізіледі», - деді министр.

Сондай-ақ лотереяны заңсыз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленіп отыр.

Айта кетсек, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң 2016 жылы 9 сәуірде қабылданған болатын.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы