431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі қалай шешіледі

  • 219
  • UPD: 13:02, 05.02.2020
Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі қалай шешіледі

Жаңаөзен қаласында 2042 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Бұл  туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Соңғы кездері Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесі бар. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық өзекті болып отыр.  Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев мырзаның төрағалығымен жұмысшы тобы құрылды. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Самұрық қазына» әл-ауқат қоры және «Атамекен» палатасы кіреді. Олар Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге жұмыссыздықты шешу жолын сараптады», - деді вице-министр.

Айтуынша, Жаңаөзен қаласы бойынша 2042 азамат бүгінде жұмыссыз ретінде тіркелген. Соның ішінде 221 адам көп балалы отбасы, 59 адам – мүгедек, 43 адам – толық емес отбасыдан. Қазіргі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің арқасында 157 адам жалақысы 100 мыңнан жоғары тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ 165 адам несие мен гранттар алып, өзінің кәсібін ашқан.

«Ары қарай жұмыссыздықты шешу үшін Өзен мұнай-газ компаниясының мемлекеттік сатып алу жағын зерттедік. Жылына қандай тауарларды ұсынады, қандай өнеркәсіп құралдарын тұтынатынын анықтадық. Жаңаөзендегі жергілікті кәсіпкерлер өзара ұзақ мерзімді келісімшартқа қол жеткізу арқылы Жаңаөзен қаласында өндірістер ашып, тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік алып отыр. Біз 32 кәсіпкерді таңдадық. Жылдың соңына дейін 1 жарым мың жұмыс орны құрылады. Ол Жаңаөзеннің жастарына, жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деді Ержан Жылқыбаев.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы