443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде төрт өңірге су тасқыны қаупі төнді

  • 217
  • UPD: 13:02, 05.02.2020
Елімізде төрт өңірге су тасқыны қаупі төнді

Көктемде еліміздің төрт өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұр дейді мамандар. Әсіресе Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында судың деңгейі артады деген болжам бар.

Мысалы, Жабай өзені арнасынан асса су деңгейін реттейтін құралдардың болмауы жағдайды қиындатады деп отыр. Әрі аймақта өзен арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілмеген. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында биыл жауын-шашын мөлшері артты. Сондықтан бұл өңірлерде де біршама қауіп төндіреді. Еліміздің оңтүстігінде жағдай тұрақты. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау өңірлерінде жауын-шашын мөлшері белгіленген нормадан төмен болған. 

Нұрсұлтан Нұрахметов, ҚР ТЖК ресми өкілі:

- Бүгінгі күні елдегі су тасқыны туралы айту өте ерте. Себебі жағдай бір жарым ай ішінде өзгеруі мүмкін. Қазір бөгеттер салу, өзен арнасын тереңдету, су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын бұру, арықтарды тазалау және қаладан қар шығару сынды көктемге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанға үш айлық нормадан асатын қар түскен. Кей өңірлерде боран болып, температура деңгейі күрт төмендеді. Бас шаһарда жауған ақұлпа мөлешері 56 жыл бұрын болған рекордтық деңгейге жетті. Егер қалыпты мөлшердегі қар 16 миллиметр болса, елордада ол 50 миллиметрге деңгейінде тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы