429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 300 мыңға жуық жас жұмыссыз

  • 634
  • UPD: 13:25, 05.02.2020
Қазақстанда 300 мыңға жуық жас жұмыссыз

Елімізде оқымайтын, жұмыс істемейтін 300 мыңға жуық жас бар.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазір барлық облыста жұмыссыз жастардың Жаңаөзендегі сияқты әлеуметтік картасын жасағымыз келіп отыр. Ол азаматтар кімдер, отбасылық жағдайы қандай, орта білімі бар ма, жоқ па, біреулердің мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін, біреулер жалғыз басты болуы мүмкін. Сол үшін барлық деректерді базадан цифрлы түрде зерттеп, атаулы жұмыс жасамақпыз», - деді ол.

Айтуынша, қазіргі уақытта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жұмыссыздар саны көп.

Айта кетсек, жұмыссыздық мәселесі өзекті болып отырған қалалардың бірі Жаңаөзенде жыл соңына дейін 1,5 мың адамды жұмыспен қамтитын жұмыс орындары құрылмақ.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы