399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыссыз жастардың 21,8 % тек орта мектеп білімі бар – Олжас Ордабаев

  • 332
  • UPD: 14:53, 05.02.2020
Жұмыссыз жастардың 21,8 % тек орта мектеп білімі бар – Олжас Ордабаев

Былтыр «Атамекен» ҰКП 62,7 мың адам арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға қатысқан жұмыссыз жастардың 21,8 пайызында тек орта мектеп білімі бар екені белгілі болған. Бұл туралы «Атамекен» ҰҚК басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо

Оның айтуынша, сауалнама жүргізілген 62,7 мың адамның ішіндегі ең көп жұмыссыздар санын жұмысқа қабілетті азаматтар құрайды.

«Жұмыссыз респонденттердің 49,2 пайызы 25-46 жас аралығында екені анықталды. Олардың ішіндегі 59,2 пайызында жоғары немесе кәсіби-техникалық білім бар. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың ішінде жұмыссыз жастардың үлесі 13 (18 445 мың адам) пайызға тең. Олардың 31,3 пайызы – жоғары білімді, ал 47 пайызы – орта-кәсіби білімді. Осылайша жұмыссыз болып есептелетін әйелдердің 37 пайызында, ерлердің 39,3 пайызында, сондай-ақ жастардың 21,8 пайызында тек мектеп білімі ғана бар екені белгілі болды», – деді «Атамекен» ҰҚК басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Хабар 24 телеарнасы