411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» аясында 7 мыңнан астам шара ұйымдастырылды

  • 375
  • UPD: 15:00, 05.02.2020
Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» аясында 7 мыңнан астам шара ұйымдастырылды

Ақмола облысында 2017 жылдан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 7 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында аталған бағдарлама тақырыбында 3 мыңнан аса мақала жарық көрген. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өңірлік сараптама кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Алайда бағдарлама басталғалы 3 жылға жуық уақыт өтсе де, оның негізгі мән-мағынасы мен түпкі мақсатын қарапайым халыққа әлі күнге дейін түсіндіре алмай келе жатырмыз. Елдегі әрбір азаматтың санасын серпілту үшін, аталған тақырыптағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде, көшедегі баннерлерде және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, заман талабына сай қысқа-нұсқа етіп, халықтың назарына күнделікті ұсынып отыру керек. Ал бос жиындардан пайда шамалы. Қатысушылар осылай дейді. 

Құдайберлі Мырзабек, «Рухани жаңғыру»  өңірлік сараптамалық кеңес мүшесі:

- Жалпы біз әлі күнге дейін сол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын ғана бір талқылаумен келе жатырмыз. Және оны талқылағанда сол өзара ғана, өздері рухани жаңғырып болғандардың арасында ғана жасалып жатыр. Біз негізінен мынау халықпенен, ешкім конференцияға қатыспайтын, ешбір семинарға қатыспайтын, түкпір-түкпірде өз өмірін сүріп жатқан жұртпенен бағдарламалар жасауымыз керек. Соның әдістемелерін жасауымыз керек. 

Қайрат Сейтқазин, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бөлім жетекшісі:

- Өңірлік жобалық кеңсенің мемлекеттік мекемесінің бөлек жоспары бар. Оған арнайы жобалар енген болатын. Оның арасында бірі атап өтетіндей, Ақмола облысының ақын-жазушыларының аудиокітаптар сериясы. Сонымен қатар «Көкше» арнасындағы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» бағдарламасы.

Хабар 24 телеарнасы