422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның сегіз азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

  • 682
  • UPD: 19:24, 05.02.2020
Қазақстанның сегіз азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

Бүгін сыртқы істер министрлігінің көмегімен 8 қазақстандық азамат Қытайдың Ухань қаласынан Ресей және Өзбекстанға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бесеуі Ташкентте, ал үшеуі Түмен қаласында екі апта бойы жергілікті дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Естеріңізге салсақ, осыдан екі күн бұрын Уханьнан шығарылған 83 азаматтың жағдайы бірқалыпты. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлағандай, олар ақпанның 16-на дейін карантинде қала береді.

Диас Ахметшәріп, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  ресми өкілі:

– Кеше және алдыңғы күні олардың бәрі түрлі сынақтардан өтті. Нәтижесінде оларда короновирустың жоқтығы анықталды. Осыған қарамастан, клиникалық хаттамаларға сәйкес олар карантинде бола береді. 83 эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының 12-сі жеңіл деңгейдегі ЖРВИі бар, бірақ ешқайсысының дене қызуы көтерілмеген. Уханнань эвакуацияланған Беларусь және Армения азаматтарының жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы