447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Еңбек» бағдарламасы арқылы 600 мың адам жұмыспен қамтылған

  • 261
  • UPD: 17:06, 05.02.2020
«Еңбек» бағдарламасы арқылы 600 мың адам жұмыспен қамтылған Inbusiness.kz

Елімізде өткен жылы жұмыспен 660 мың адам қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 40 проценті жұмыссыздар болса, 36 проценті жастар, тағы 2 проценті табысы аз көпбалалы отбасылар. Бұл туралы 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шараларды саралаған баспасөз мәслихатында айтылды. Сала өкілдерінің сөзінше, былтыр елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл бағыттағы шаралар биыл да жалғасады. Әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау ерекше болмақ. Қаржылай грант алған жанұялардың жарты жылға дейін табысы есепке алынбайды. «Бұл көмекке мұқтаж жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықай септігін тигізбек», - дейді министрлік өкілдері. 

Ержан Жылқыбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары:

– Негізінен гранттарды көпбалалы отбасылар АӘК алушылардың санын азайту үшін береді. Көбісінде грантты алсақ, атаулы әлеуметтік көмектен қағыламыз деген қауіп болды. Себебі табысқа кіріп кетеді. Сондықтан біз мынадай өзгеріс жасадық, 530 мың грантты, одан түсетін түсімді алты айға дейін табыс деп санамаймыз. Себебі бүгін грант алған адам ертең табыс тауып жатыр деу мүмкін емес. Сол үшін сондай жеңілдік бердік.

Хабар 24 телеарнасы