425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта мемлекеттік сатып алулардың көлеңкелі тұстары талқыланды

  • 503
  • UPD: 22:34, 05.02.2020

Еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік сатып алулардың 90 проценті бір жерден іске асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің отырысында есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова осылай деп мәлімдеді. Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алулардың өзге де көлеңкелі тұстары талқыланды. «Бүгінде Мемлекеттік сатып алулар үлкен проблемаға айналды. Тиісті заң жобалары қабылданып жатқанымен, қағаз жүзінде бізде бәрі жақсы. Бірақ іс жүзінде бұл жұмыс істемейді», – деді Сенат төрағасы. Сонымен қатар Дариға Назарбаева қорғаныс саласында мемлекеттік сатып алулар туралы ақпараттың жабықтығын сынға алды. Оның айтуынша, әскери техникадан бөлек заттар ашық түрде алынуы тиіс. Жиын соңында қазына қаржысын тиімді игеру үшін ол бюджетаралық қатынастарды реттейтін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сатып алулары бір жерден жасалады. Ол жерде техникалық жабдықтар мен түрлі әскери байланыс құралдарының жасырын түрде алынатынын түсінемін. Бірақ жауынгерлердің киім-кешекпен жабдықталуы, күнделікті тұтынатын тауарлары мен жиһаздар неге жасырын алынатын тауарлар тізіміне кіріп кеткен? Олардың барлығын бұл тізімнен шығарып, ашық конкурс арқылы сатып алу керек.

Хабар 24 телеарнасы