412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рухани жаңғыру: 2019 жылы 1 мыңға жуық нысан күрделі жөндеуден өткізілген

  • 467
  • UPD: 23:38, 05.02.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарласы аясында былтыр елімізде 12 миллион адамды қамтитын 39 мың шара өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы 2019 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Өткен жылы аймақтарда 13 мектеп, 25 балабақша, 83 мәдени нысан және 17 медициналық мекеме салынған. Олардың құрылысына қаражатты демеушілер бөліпті. Бұдан бөлек, іскер азаматтар бағдарлама аясында аз қамтылған 296 отбасының баспаналы болуына қол ұшын созыпты. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» шеңберінде 2019 жылы 1 мыңға жуық нысан жаңарып, күрделі жөндеуден өткізілген.

Хабар 24 телеарнасы