432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапкершілікке тартылуы керек – ТЖД

  • 439
  • UPD: 08:21, 06.02.2020
Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапкершілікке тартылуы керек – ТЖД

Шығыс Қазақстанда соңғы екі аптаның ішінде 10-ға жуық жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көліктері жолда қалған 200-ден астам адам құтқарылды. Солардың басым бөлігі күн райының қолайсыздығы туралы біле отырып, сапарға шығуға бел байлағандар. Тіпті ақ түтек боранда бала-шағаны ертіп шығудан да сескенбейтіндер көп. Бірнеше сағат бұрын таратылған хабарлама да, тәулік бұрын түскен дауылды ескертулер де елеусіз қалады. Есесіне алдын ала жұртты құлағдар еткен төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жол тазалығына жауапты мамандар және бірнеше құрылым өкілдері эвакуация ұйымдастыруға мәжбүр. Ол аздай, құтқару жұмыстарына да қыруар қаражат шығындалады. Алайда, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізу – басты мақсат. Өйткені құтқарушылар үшін адам өмірін сақтау бірінші орында. «Дегенмен, ескертуге мән бермейтін жүргізушілерді жауапкершілікке тартқан жөн», - дейді сала өкілдері.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бірнеше сағат бұрын қандай да бір бағыт жабылғаны туралы ақпарат таратылса да, сол жолға шығып кеткен жолаушылардан көмек сұраған хабарлама түсіп жатады.Осылайша, қаншама сала мамандары, техника жұмылдырылып, эвакуация жасауға кірісеміз. Сондықтан ескертуді елемей сапарға шығып кеткен жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартатын уақыт келді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы